Меню KDT
МЕНЮ

НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ

ӘКІМДІГІНІҢ

«№ 22 «ӘЛЕМ» БАЛАБАҚШАСЫ»

МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ

ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫ

АКИМАТ

ГОРОДА НУР-СУЛТАН

ГОСУДАРСТВЕННОЕ КОММУНАЛЬНОЕ

КАЗЕННОЕ ПРЕДПРИЯТИЕ

«ЯСЛИ-САД № 22 «ӘЛЕМ»

 

Біз, неге біз?

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №22 «Әлем» балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны, 1969 жылы ашылған. Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа ауданы, Желтоқсан көшесі, 31. 2015 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру стандартының талаптарына сәйкестікке аттестаттаудан өтті. Мектепке дейінгі ұйымның типі:жалпылайдамытушы, ерекше қажеттіліктері бойынша дамыту,экологиялық тәрбие бойынша авторлық балабақша. Қазіргі уақытта № 22 «Әлем» балабақшасында 7 түзету тобы, 3 жалпы дамытушы топ және психологиялық-педагогикалықтүзету кабинеті жұмыс істейді. «№22 «Әлем» балабақшасының тұжырымдамасы әр бала өзі жеке тұлға ретінде ерекше және ол өзінің ойлау-қабілеті, күш-жігеріне қарай дамуға, өзінің қабілетіне қарай оқуға құқылы.  

Балаларды оқыту үшін оқу керек

Қарлығаш Каримовна Жолдасова жұмысты заманауи әдіспен басқаруды қолдайтын жетекші. Терең білімді меңгерген жоғары кәсіби маман. Кішіпейіл, кәсібін ерекше құмарлықпен атқара білетін адам, өзінің табысына ұжымының табысымен, жемісімен, сәтті істерімен және жетістіктерімен өлшем жасайды. Ең басты қасиеті – балаға деген сүйіспеншілігі, шынайы махаббаты және балалардың жан-жақты дамуына шынайы қамқорлықпен қарауы, ата-аналардың өтініш-тілектеріне, сұраныстарына ерекше көңіл бөледі, мейірімді қарым-қатынасы. Кез-келген адамның, кез-келген басшының өмірдегі басты мақсаты – бұл үнемі өзінің білімін жетілдіру, үнемі ізденісте болу. Балабақшада меңгерушінің рөлі – білім беру сапасын жоғарылату үшін өз ұйымының қызметкерлерінің қолда бар мүмкіндіктерін барынша іске асыруға ықпал ету. Қарлығаш Каримовнаныңсенімі әрбір істің жемісі ол ынтымақтастық және ұжымның қолдауы. Қарлығаш Каримовнаның өмірлік көзқарасы «Баланы оқыту үшін педагог өзі оқуы керек».

Біздің команда!

Тәрбиеленушілердің моральдық тұрғыдан қалыптасатын түсініктері мен идеалдары көп жағдайдаеңбек ұжымына, оның шығармашылық бастамаларына және білімдеріне, оның заманауи талаптарға сай деңгейде болуға деген құштарлығы мен іскерлігіне және біліктілігіне байланысты. Осы міндеттерді орындау үшін қазіргі уақытта № 22 балабақшаның еңбек ұжымы шығармашылық ынтымақтастықта жұмыс істеуде. 50 жылдың ішінде ұжымға өз үйінің бір мүшесі ретінде туыстай сіңісіп кеткен қызметкерлер жылдар бойы орныққан дәстүрді бұзбай ұстанып келеді және деосы дәстүрді толықтырып, байытып отырады. Ұжым жақсы педагогтар мен басшыларды тәрбиелеп шығарды. Педагогтардың 33 пайызында жоғары біліктілік санаты, 13 пайызында бірінші біліктілік санаты, 23 пайызында екінші біліктілік санатыбар және жас мамандардың саны 31%, жас мамандар біліктілік санатын алу үшін тынымсыз жұмыс істеуде.

Наверх

НАВЕРХ